OIQADAMӨтінім қалдыру
1–6 сынып · онлайн математика · қазақ тілінде

Математиканы түсініп үйрен.Әр сабақ — алға бір қадам.

1–6-сынып оқушыларына арналған онлайн математика курсы. Тақырыптарды түсініп, есеп шығаруды бірге үйренеміз.

  • 10 оқушыға дейінгі топ
  • Аптасына 3 онлайн сабақ
  • Ата-анаға апталық есеп
Live сабақОнлайн
Оқу барысыӘр апта
Бір апта

5 қадам

1
Бейнесабақ
2
Конспект
3
Live сабақ
4
Үй жұмысы
5
Қатемен жұмыс
Ата-анаға есепТек өз балаңыз бойынша
Оқу форматы

Оқу барысы түсінікті

Сабақта тақырыпты түсінеміз,
тапсырмалар арқылы білімді бекітеміз.

01

Бейнесабақ

Әр тақырыптың қысқа видеосабағы платформада. Кез келген уақытта қайта көруге болады.

02

Конспект

Видеодан кейін оқушы конспект жазып, оқытушының WhatsApp-ына жібереді.

03

Live сабақ

Топпен онлайн: тақырыпты бекітіп, бірге есеп шығарамыз.

04

Үй жұмысы

Аптасына 2 үй жұмысы платформада. Тапсырған бойда қай есепте қателескенін көреді.

05

Қатемен жұмыс

Қате кеткен есептерді қайта шығарып, оқытушының WhatsApp-ына жібереді. Оқытушы жеке жазады.

06

Апталық балл

Апта сайын 100 балл: ҮЖ №1 — 15, ҮЖ №2 — 15, конспект — 30, Live — 30, қатемен жұмыс — 10. Ата-ана кабинетте көреді.

Апталық есептің үлгісі

Ата-ана апта соңында не көреді?

Апта сайын 100 балл. Оқытушы апта соңында енгізеді, ата-ана кабинетте көреді.

9 қараша – 15 қараша

Апталық балл · үлгі

87 / 100

  • Үй жұмысы №113 / 15
  • Үй жұмысы №212 / 15
  • Конспект25 / 30
  • Live сабақ30 / 30
  • Қатемен жұмыс7 / 10
Оқытушының пікірі
Бөлімдері бірдей бөлшектерді дұрыс салыстырды, бөлімдері әртүрлі болғанда қиналды. Келесі аптада ортақ бөлімге келтіруді жаттықтырамыз.

Курс бағасы

3 ай · 12 апта

15 000 ₸/ ай

Толық курс — 45 000 ₸

Сабақ уақыты WhatsApp арқылы бекітіледі

Өтінім қалдыру

Бағаға не кіреді?

  • Бір топта 10 оқушыға дейін
  • Аптасына 3 тікелей онлайн сабақ
  • Аптасына 4 бейнесабақ
  • Аптасына 2 үй тапсырмасы
  • Тақырыпты бекітуге арналған қосымша есептер
  • Ата-анаға баласының үлгерімі туралы апталық есеп
Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Курс қанша созылады, қанша сабақ болады?
Курс 12 апта (шамамен 3 ай): аптасына 3 Live сабақ, әр сабақ 60 минут, барлығы 36 Live сабақ. Басталу күні мен топтардың кестесі «Баға мен кесте» бетінде көрсетіледі.
Қай сыныптың оқушылары оқи алады?
1–6 сынып. Барлық оқушы бір ортақ бағдарламамен математиканы негізінен бастап жүйелі түрде оқиды. Сабақ уақыты мен топты WhatsApp арқылы келісеміз.
Онлайн сабаққа қалай қосыламын?
Сабақ Google Meet арқылы өтеді. Сілтеме оқушы кабинетінде «Сабаққа қосылу» батырмасымен көрінеді. Кабинет ашылғанға дейін сілтемені оқытушы өзі жібереді. Телефон, планшет не компьютер жеткілікті.
Курсқа жазылу үшін не істеу керек?
WhatsApp арқылы жазасыз. Сабақ уақыты мен топты бірге келісеміз, курсқа кіру логинін оқытушы өзі жібереді.
Баланың үлгерімін қалай көремін?
Ата-ана кабинетінде тек өз балаңыздың қатысуы, тапсырма нәтижелері және оқытушы пікірі көрінеді. Кабинет ашылғанға дейін осы мәліметті оқытушы өзі хабарлайды.
Топ қалай құрылады?
Оқытушы WhatsApp арқылы бос сабақ уақыттарын жібереді. Сіз ыңғайлысын таңдайсыз, топқа оқытушы өзі бөледі. Топтың құрамы туралы WhatsApp арқылы хабарлаймыз.
Тапсырманы қалай тапсыруға болады?
Әр тапсырмада оны тапсыру жолы көрсетіледі.
Курс қай тілде өтеді?
Тек қазақ тілінде.
Нәтижеге кепіл бересіздер ме?
Жоқ. Нәтиже баланың бастапқы дайындығына және оқуына байланысты. Курстың мақсаты — нақты дағдыларды жүйелі нығайту; мектептегі бағаға кепілдік бермейміз.
Сұрақ қою